ОРАЛ. Қаңтардың 11-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - «Жол картасы» бағдарламасы ауыл-аймақтың дами түсуіне серпін берді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Теректі ауданы әкімінің орынбасары Рашид Өтешевтің айтуынша, аталмыш бағдарлама аясында «Ақжайық» шипажайының электр жүйесін қайта құруға 42,43 млн. теңге бөлініп, 67 адам жұмысқа тартылды. Аудандық маңызы бар автожолды жөндеуге 72 млн. теңге жұмсалып, 155 адам еңбек орнын тапты. «Жастар тәжірибесі» бойынша 7594 мың теңге қаралып, 70 жас мамандығы бойынша жұмысқа араласты. Әлеуметтік жұмыс орындарын ашуға 19,1 млн. теңге беріліп, соған сәйкес 223 адам жұмыс берушілермен шартқа отырды.
Жалпы, ауданда әлеуметтік маңызы зор нысандарды жөндеуге ерекше көңіл бөлінуде. Бірнеше мектеп, емдеу және мәдениет орындары ретке келтірілсе, «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасына сәйкес Ақжайық ауылында аурухана құрылысы аяқталып келеді. Мұның құны - 3,3 млрд. теңге.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).