деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атап айтқанда, министр перинаталдық орталықта, балаларға арналған психоневрологиялық әлеуметтік-медициналық мекемесінде және Астана қаласының балалар үйінде болып, аталған әлеуметтік нысандарда атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты. Көшпелі жиын барысында Астана қаласы әлеуметтік бағдарламалар мен жұмыспен қамту басқармасының бастығы Алма Алтынбаева құрылыс нысандарын қайта жөндеу арқылы «Жол картасы» аясында бөлінген қаржыны тиімді пайдалану және осы арқылы астаналықтарды жұмыспен қамтуды кеңейту туралы жан-жақты айтып берді. «Мәселен, бүгінде күрделі жөндеуден өтіп жатқан «Перинаталдық орталық» мемлекеттік мекемесін толығымен өзгертіп, бүгінгі заманға сай медициналық орнына айналдыру жоспарланып отыр - үлкен палаталар жеке бөлмелерге бөлінеді, лифтілер мен қабылдау бөлімдері жаңартылады. Осы нысан бойынша бөлінген қаржыны тиімді пайдалану арқылы біз жұмысшыларды көптеп тартудамыз», - дейді А.Алтынбаева.
«Перинаталдық орталық» мемлекеттік мекемесін қайта жөндеу құрылысының бас мердігері «Астана-трансқұрылыс» ЖШС-нің прорабы Марат Молдабаевтың сөзіне қарағанда, аталған құрылыс нысанына күн сайын 6-7 адам жұмысқа алынады. Қазіргі кезде бұл жерде 250-300 адам жұмыс істеуде. «Жұмысшылардың жалақысы - 70 мыңнан жоғары. Бүгінде ешбір қиындық жоқ. Бірақ мәселе, ол - қысқа дейін осы құрылыс нысанын тапсыру қажет», - дейді ол.
Айта кетейік, бүгінде Астана қаласында «Жол картасы» бойынша 114 жоба жүзеге асырылуда. Астаналықтарды жұмыспен қамту мақсатында 10 млрд. 55 млн. теңге қарастырылған. Жыл басынан бері 4034 адам жұмыспен қамтылды.