Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төрағасы Серік Нокин осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес 2009 жылы «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту және жаңғырту» бағыты бойынша «Жол картасы» іске асырылды. Осы мақсатта 61,2 млрд. теңге бөлініп, оның 60,7 млрд. теңгесі немесе 99 пайызы игерілді. Сонымен бірге, аталған бағыттағы міндеттерді іске асыру барысында 81 мың жұмыс орны ашылды. Жалпы, өткен жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында 284 шақырым жылу трассасы, 737 шақырым электр желілері, 284 шақырым газбен жабдықтау желісі, 1 мың 29 шақырым сумен жабдықтау желісі және 172 шақырым су бұру желісі салынды және қайта жөндеуден өткізілді», деді С. Нокин.