Бұл туралы бүгін Астана қаласының мәслихатында баяндама жасаған Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Алма Алтыбаева хабарлады.
Оның мәліметі бойынша 2009-2010 жылдарға арналған «Жол картасы» жоспарын іске асыру кезінде Астанадағы 445 кәсіпорынмен арнайы келісімшарттар жасалып, жоғары оқу орнын тәмамдап шыққан жастарға арналған 3 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Осының арқасында 2 949 түлек өз мамандықтары бойынша тәжірибе жинақтап, мемлекеттік бюджеттің есебінен жалақы алып тұрды. «Жалпы, 2008 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда, 2009-2010 жылдарға арналған «Жол картасы» аясында жастар тәжірибесімен қамту көлемі 13,5 есе өсті», - дейді А.Алтыбаева.