деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Әрине, «Жол картасы» бағдарламасы 2011-2012 жылдары да жалғасын табуы тиіс. Мен бұған сенімдімін. Өйткені, бағдарлама аясында бірінші кезекте еліміздегі инфрақұрылымдарды қалпына келтіру, елді-мекендерді дамыту мәселесі, оның ішінде тұрғын үй қорын жақсарту шаралары көтеріліп отыр. Сонымен бірге, біз заңнама аясында аталған мәселелерді де барынша қамти алдық деп ойлаймын. Ал республика бюджеті бұндай шараларды болашақта да жүзеге асыруға толық мүкіндік береді», деді В. Бобров.