Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық кеңесінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның сөзіне қарағанда, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығында жұмыс істейтіндер - 28 мың теңге, жол жөндейтіндер - 31 мың теңге, мектептер мен ауруханаларды жылытатындар - 29,7 мың теңге, селолар мен ауылдардағы әлеуметтік-мәдени нысандарды жөндейтіндер - 19,7 мың теңге жалақы алады. «Жол картасы» бойынша өңірлер бөлінісінде ең жоғары жалақы Алматы қаласында - 45 мың теңге, Астана қаласында -38,4 мың теңге. Министр қазіргі жағдайда табысты жоғалту тәуекелін төмендету міндеті маңызды болып табылатынын атап өтті.