16:39, 06 Мамыр 2009
«Жол картасы» бағдарламасы жер-жерлерде жүзеге асырыла бастады
АЛМАТЫ. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат – Алматы қаласының Жетісу ауданында аумақтық Жол картасын жүзеге асыруды үйлестіру және мониторингілеу жөніндегі жедел топтың кеңесі өтті.
Онда Елбасының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі ҚР Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын орындау жөніндегі шараларды бекіту туралы қала әкімдігінің қаулысы талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Осы мақсат үшін Жетісу ауданында Жол картасын жүзеге асыруды үйлестіру және мониторингілеу жөніндегі жедел топ құрылды. Топтың төрағасы ? аудан әкімі Әмір Құлмаханов.Отырыста Алматы Жол картасына сәйкес Жетісу ауданы үшін 2009 жылға қосымша 920 әлеуметтік жұмыс орыны және жастар тәжірибесі үшін 655 орын берілді. Әлеуметтік жұмыс орындарына бағытталғандардың жалақы көлемі 30 мың теңге болуы тиіс, оның 15 мың теңгесі жол картасын жүзеге асыру ауқымында бюджет есебінен бөлінген болса, қалған 15 мың теңге жұмыс берушінің есебінен төленеді. Бұдан басқа, кәсіби және қайта даярлау мақсатында Жетісу ауданы үшін қалалық білім басқармасынан 450 орын бөлінгендігі аталып өтті. Кеңес жұмысының қорытындысы бойынша жедел топтың төрағасы кадр қызметінің мамандарына кәсіби даярлық және халықты қайта даярлау үшін семинарлар ұйымдастыруды тапсырды.