Жол картасы бойынша оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру Алматыда 25,18 пайызды ғана құрайды

rong> Шілденің 24-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Жол картасы бойынша оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру Алматы қаласында 25,18 пайызды ғана құрайды.

 Бұл туралы бүгін  қалалық әкімдікте  вице-премьер Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен  аймақтық мәжілісте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 "Жол картасында жастарды  тәжірибеден өткізу мен мамандарды қайта дайындауға   мамыр-маусым айларында  3,5 миллион теңге аударылды. Мамандарды қайта дайындауға аймақтағы келісім-шарт бойынша 416 оқу орнына 43 мың  адам жіберілді. Сондай-ақ уақытша жұмыс орнымен  оқу орнының 73 мың түлегі  қамтылды.  Оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастырудың деңгейі  Алматы қаласында  25, 18 пайызды ғана  құрауда", дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова. Оның айтуынша, Жол картасына жалпы 191,3 миллиард теңге бөлініп отыр. Оны жүзеге асыру кезінде  350 мың адамға қосымша жұмыс орнын ашу көзделген.