деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бірінші кезекте бұл жұмыссыздарды еңбекке орналастыруды, олар үшін жаңа жұмыс орындарын құруды көздейді. Біздің облысымызда негізгі жұмыстарын жоғалтқан адамдар жұмыс істейтін 46 жоба іске асырылуда. Бұлар - тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесінің жаңғыртылатын - 10 жоба, мектептер мен ауруханаларды жөндеу және жылыту бойынша - 16, жолдарды жөндеу, жаңғырту және құрылыста -18, ауылдағы әлеуметтік-мәдени нысандарды жөндеуге байланысты - 2 жоба. Барлығы осы жобаларда 10 148 жұмыс орнын құру жоспарланған. Қазірдің өзінде 7 426 жұмыс орындары құрылды - адамдар еңбекақы алып жатыр», - деді А.Керімов.