Жол картасы: Павлодар облысында 76 медициналық мекеме жөндеуден өткізіледі
10:29, 20 Мамыр 2009
ПАВЛОДАР. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысында «Жол картасы» бағдарламасы аясында 76 медициналық мекеме жөндеуден өткізіледі,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ауруханаларды, ауылдық амбулаториялар мен емханаларды қалпына келтіруге 736 миллион теңге бөлініп отыр, ал жұмыстарға 1 857 адам ? сылақшы, сырлаушы, шатыр жөндеуші мен жылу жүйесінің мамандары тартылады.