Жол картасы Павлодардың ауылдарын көркейтуге көмектеседі

None
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Мамырдың 16-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Қашыр ауданының ауылдары Жол картасы жобасы бойынша бөлінген қаржыға абаттандырылады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Елді мекендерді санитарлық тазалауға, жартылай қираған үйлерді құлатып, орнын тегістеуге 14 млн. теңге жұмсалды.90-ыншы жылдары тұрғындар тастап кеткен үйлердің қалдығын жоюда екі бригада жұмыс істеуде, олардың қарауында экскаваторлар мен тракторлар бар. Байқоныс ауылында алты ғимараттың үйінділері мен қоқыстар жойылды. Песчаный ауылында тазартылған жерлерге ағаш отырғызылуда. Қазан айына дейін бригадалар барлық ауыл округтерін тәртіпке келтіреді.