дейді Алматы қаласының тұрғыны, зейнеткер Сатымбек Рысбаев
«Бүкіл дүниежүзін жаулаған дағдарыс кезеңіне қарамастан 100 мектеп, 100 аурухана салу тек көреген басшының қолынан ғана келеді. Сондай-ақ Мемлекет басшысының зейнеткерлердің зейнетақысын келесі жылдан бастап тағы да 25 пайызға өсіреміз деуі көңілге қуаныш ұялатады.
«Жол картасы» жобасына қаншама қаражат бөлінді, қаншама халыққа жұмыс орны табылды. Сондай-ақ аз ғана уақыттың ішінде әдемі Астана салу кез келген адамның қолынан келмейді. Қандай керемет қала тұрғызылды, оны тіптен әлем мойындап отыр», дейді зейнеткер.