«Жол картасының» арқасында көшелерді жөндеуден өткізу қолға алынды

None
ҚЫЗЫЛОРДА. Маусымның 15-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - «Жол картасы» бағдарла­масы аясында Шиелі кентінің бірнеше көшелері ағымдағы және орташа жөндеуден өткізіле бастады.

Ағымдағы жөн­деу кенттің 12 көшесінде жүргізіледі. Оған бюджеттен 21 млн. теңге қарас­тырылса, орташа жөндеу жоспарланған 10 көшенің қатарында Уәлиханов, Мұратбаев, Қазантаев, Дулатов, Әбдиев атындағы көптен бері қағажу қалып келе жатқан көшелер бар. Бұл мақсатқа 33 млн. теңге бөлініп отыр. Нақты кезеңде тендер жеңімпазы «Шиелі-Жолшы» ЖШС мекемесі қазір атқары­лар шаруаның жартысынан астамын жүзеге асырып үлгерді.