Жолшылар күшейтілген режимде жұмыс атқарып жатыр. Жедел әрекет ету мақсатында қаптар, инертті материалдар және қажетті құрал-жабдықтар дайындалды.
— Су өткізгіш құбырлар, арықтар мен су бұру арналарын тазартуға ерекше көңіл бөлінген. Су тасқыны жағдайына тәулік бойы мониторинг жүргізіліп отыр, — делінген хабарламада.
Негізгі міндет — автомобиль жолдарында қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су басу қаупінің алдын алу. Мамандардың үйлесімді жұмысы тәуекелдерді азайтып, кез келген жағдайда жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданындағы жолдардың бірі ағын судың бұзып өтуіне байланысты уақытша жабылғанын жазған едік. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жол учаскесінде көлік қозғалысы уақытша шектелді. Екі жақтан патрульдік полиция бекеттері қойылып, 4 қызметкер мен 2 патрульдік көлік кезекшілік атқарып жатқаны хабарланды.