Прокурордың айтуынша, жол апаттарынан еліміздің Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының тұрғындары көбірек жапа шегуде. «Атап айтар болсақ, жыл басынан бері жол апатынан қайтыс болғандардың басым бөлігі Алматы облысында тіркелген. Онда қаза болғандар саны 239 адамды құрайды. Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері - 215, Жамбыл облысында - 138, Қарағанды облысында - 99, Шығыс Қазақстан облысында - 84, Ақмола облысында - 69 және Алматы қаласында 62 адам қайтыс болды. Жол-көлік оқиғаларын бағалау барысында олардың басым бөлігі елді-мекендерде орын алатыны анықталды», - дейді прокурор. Оның сөзіне қарағанда, жыл басынан бері елді мекендерде жол көлік оқиғасының 8 234 жағдайы тіркелсе, одан 541 адам қаза болған. Ал елді мекендерден тысқары жерлерде орын алған жол апаттарының саны 2 208 болса, онда қайтыс болғандар 818 адамды құрады.
19:02, 01 Тамыз 2013
Жол-көлік апатынан көбінесе балалар мен жасөспірімдер жапа шегіп жатыр
АСТАНА. 1 тамыз. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері жол-көлік оқиғасынан жапа шеккендердің 54 пайызын балалар мен жасөспірімдер, ал 46 пайызын ересектер мен қарттар құрап отыр. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің прокуроры Рүстем Әбдірахманов мәлім етті.