«2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазақстанда кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы күшіне енді. Осы Заң аясында «Жол қозғалысы туралы» Заңға бірқатар түзетулер енгізілген. Атап айтар болсақ, Заңның 54-бабының 22 тармағындағы елді мекендердегі жолдар мен көше бойларының арнайы белгіленген орындарынан басқа жеріне көлік қоюға салынған тыйым алынып тасталды», - деді И.Лукьянина.
Айта кетейік, бұрын хабарланғандай, ЖҚЕ-ге сәйкес біреудің автокөлігін жүргізуге сенімхат алу және жаңа көліктерге техникалық бақылаудан өту нормалары жойылды. Сонымен қатар, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда көлік құралын тіркеу туралы куәліктің жаңа нұсқасы беріледі.