Осы орайда Үкімет аталмыш құжатты заң жобасы түрінде дайындап, Мәжілістің қарауына енгізді. «Біріккен Ұлттар Ұйымының Жол қозғалысы туралы конвенциясын ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне жүктелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жаңа Конвенцияда оған қатысушылардың міндеттемелері неғұрлым анық айқындалған. Олар уағдаласушы тараптардың бір жағынан, өз аумағында қолданылатын жол қозғалысы ережелерін өз мәні бойынша Конвенцияның ережелеріне сәйкестендіруге қарай шаралар қабылдауына, ал екінші ждағынан, Конвенцияның талаптарына жауап беретін автомобильдер мен тіркемелерді өз аумақтарында халықаралық қозғалысқа жіберетініне және Конвенцияның ережелеріне сәйкес берілген тіркеу туралы куәліктер мен жүргізуші куәліктерін мойындайтынына келіп тіреледі.
Осы заң жобасын қабылдау теріс әлеуметтікнемесе экономикалық салдарға әкеп соқпайды.
Заң жобасын іске асыру республикалық бюджеттен қосымша қаражатты қажет етпейді.