Жол қозғалысы туралы жаңа заң техникалық байқаудан өту бланкілерінен бас тартуды көздейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы техникалық байқау өтудің жаңа ережелерін қарастыратын «Жол қозғалысы туралы» Заңына қол қойды. Құжат үстіміздегі жылғы қазан айынан бастап күшіне енеді. Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оның ішінде, Заң пайдаланымда 4 жылдан аспайтын мерзімдегі (шығырылған жылын қосқанда) көлік құралдарын міндетті техникалық байқаудан өтуден босатады.

Сонымен бірге, Заңда техникалық байқаудан өту туралы қағаз бланкілерден бас тарту көзделген, ал оның өтуі фактісі механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқау бірыңғай ақпараттық жүйесінен мәлімет сұрау арқылы анықталады.

Техникалық байқаудан өтуге қажет құжаттар тізімі бойынша да өзгерістір енгізілді. Енді, жаңа ережелерге сәйкес, техникалық байқаудан өту үшін көліктік салық төлеу жөнінде құжат қажет емес: операторға тек қана көлік құралы мен оны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін (автоның техникалық төлқұжаты) ұсынылғаны жеткілікті.

Жол-көлік оқиғасына соқтырған техникалық байқауды тиісінше өткізбегендігі үшін операторлардың жауапкершіліктері қарастырылған. Сонымен қатар, операторлардың техникалық байқауды өткізу тәртібін бұзғаны үшін жауапкершіліктері күшейтілді.