«
Жолды жобалау, жол құрылысы мен жолды және көпірді күтіп ұстау профилдік мамандықтары бойынша мемлекеттік тапсырысты қамтамасыз етіп, аталған мамандықтарға бөлінетін білім беру гранттарының санын арттыру қажет
«, - делінген министрлік хабарламасында.
Ведомстводан мәлім еткендей, Қазақстанда автомобиль жолдары мен көпір құрылыстары бойынша мамандар 2015 жылдан бері даярланбайды.
«
Аталған мамандықтар қысқартылып, көлік құрылысы мамандығына кіріктірілген. Бұл мамандық бойынша автокөлік жолдарына арналған профильдік пәндер барлық сабақтың 10 пайызы ғана болады. Сондай-ақ, орта арнаулы оқу орындарында мамандарды даярлау ескі оқу бағдарламасымен жүргізіледі және де аталған білім беру мекемелері заманауи техникалық құралдармен тиісті деңгейде жабдықталмаған
», - деп толықтырады министрліктен.
Осы орайда, ҚР ИИДМ жылына бөлінетін білім беру гранттарының санын 500-ге дейін арттырып, колледждерді уақыт ағымына сай жабдықтау мәселесін ұсынып отыр.