Таиланд астанасы әлемдегі көліктері тым көп, шулы да қарбалас қалалардың бірі. Содан да болар, осыдан 19 жыл бұрын қалада жол ережесін қадағалайтын сақшыларды акушерлік мамандыққа үйрететін курс ашылған болатын. Содан бері жол полицейлері кептелісте қалған машиналардың ішінде 107 нәрестені аман-есен босандырып алған.