Жол полициясы комитеті интернет-конференцияға шақырады

None
АСТАНА. Қыркүйектің 17-сі. ҚазАқпарат - 2010 жылғы қыркүйектің 20-сында сағат 11.00 -ден 12.00-ге дейін (Астана уақытымен) ҚР ІІМ-нің сайтында (www.mvd.kz) он-лайн режимінде сайт пайдаланушыларының Жол полициясы қызметіне және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты сұрақтарына Қазақстан Республикасы ІІМ Жол полициясы комитетінің төрағасы Тыныбеков Қайрат Сағатханұлы жауап береді,

деп хабарлайды ҚР ІІМ Жол полициясы комитетінің баспасөз қызметі.

«Интернет» желісін пайдаланушыларды жол қауіпсіздігінің мәселелерін талқылауға Астана қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 1 мекенжайы бойынша өткізілетін іс-шараға БАҚ өкілдерінің тікелей қатысуын шақырамыз, делінген баспасөз айғағында.