Жол полициясы Қызылордадағы Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университеттің студенттеріне дәріс берді

АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қызылорда ОІІД Жол полициясы басқармасының қызметкерлері Қызылордадағы Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университеттің студенттерімен кездесу өткізді,

деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.

«Студенттер жол полициясы қызметкерлерімен тығыз қатынаста» атты тақырыпта өткен кездесу Қызылорда ОІІД Жол полициясы басқармасы және Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің бірлескен жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.

Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университеттің Студенттер сарайында Жол полициясы басқармасының құқық бұзушылықтың алдын алу бөлімшесінің аға инспекторы полиция майоры З. Өскенбаев «ҚР ІІО-ның жол -патрульдік қызметінің және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жұмысын ұйымдастырудың түсінігі мен қолданыстағы заңнама» тақырыбында дәріс оқыды.

Өткізілген кездесуге 300-ге жуық студент пен университет активтері және мұғалімдері қатысты.

Сонымен қатар шара барысында алдағы уақытта жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жаяу жүргіншілер тарапынан құқық бұзушылықты болдырмау және жол апаттарының алдын алудағы бірлесе атқаратын жұмыс барыстары айқындалды.