Оқиға 16 шілдеде орын алған. «Полиция қызметкері велосипедшіні тоқтатып, одан велосипед жүргізуге құқық беретін төлқұжат пен куәлік сұраған. Ол 1 шілдеден бастап бұл заңға енгізілгеніне сенімді болған», - деді Табачникова. Алайда, полицейдің әріптестері қолданыстағы заңнамаға мұндай жаңалық енгізілмегенін айтқан. Сөйтіп велосипедшіні босатқан. Маусымда қалалық заңнамалық жиналыс депутаты Витали Милонов ІІМ-ге велосипедшілерге жүргізуші құқығын енгізуді ұсынған. Бірақ, велоқозғалыс белсенділері бұл бастамаға бірден қарсылық танытты.
14:15, 22 Шілде 2015
Жол полициясы велосипедшіден жүргізуші куәлігін талап еткен
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Санкт-Петербург қаласында Жол-потрульдік қозғалысы инспекторы велосипедшіні тоқтатып, төлқұжат пен көлік жүргізу куәлігін көрсетуді талап еткен, деп хабарлады gazeta.ru «Фонтанка.ру» сайтына сілтеме жасай отырып.