Жол саласына кездейсоқ келген жоқпын - Вадим Бикин

Вадим Бикиннің жолшы болуына дәл осы салада жұмыс істеген анасы әсер етіпті. Алайда, соған қарамастан ештеңе оңай жолмен келе салған жоқ дейді кейіпкеріміз.

Ол өзінің еңбек жолын қарапайым жол жұмысшысы болып бастаған. Бұдан соң пеш жағушы және жүргізуші болып жұмыс істеген.

Ал бүгінде адал еңбегінің арқасында Вадим ЖПУ-67 басшысы. Толығырақ келесі бейнематериалдан көре аласыздар.

Жолшы жұмысында қағазбастылық деңгейі жоққа тең. Таңертеңнен бастап бүкіл Жол пайдалану бөлімдерінен ақпарат жиналады, бұл жолдардағы жағдай, ауа райы, техника мен бригадалардың дайындығы.

Осыдан кейін мұның барлығы жол шеберлерімен бірлесіп өңделіп, белгілі бір жұмыстар бойынша шешім қабылданады. Барлық ақпарат тіркеліп диспетчерлік қызметке беріледі.

Вадим Бикин, ЖПУ бастығы-67:

«Қыста жұмыс қарқыны жоғары, жолда, жол жиектерінде, автопавильондарда, демалыс алаңдарында қармен күресеміз. Жолға көктайғаққа қарсы материалдар себеміз. Қар басу қаупі жоғары аймақтарды алдын ала анықтап, қар қалқандарын, қардан қорғайтын траншеяларды орнату сынды жұмыстарды жүзеге асырамыз. Жұмыс барысында қар құрсауында қалып кеткен пайдаланушыларды құтқару жұмыстарын жасауға да тура келеді. Олардың көліктерән жылы бокстанға алып барып, жанар майы қатып қалса не майда шүйде жөндеу жұмыстары қажет болса оныменде көмек беріп жатамыз. Қажет болса, жүргізушілер мен жолаушыларды өзіміздің жылыту пунктіне орналастырамыз. Осы орайда, пайдаланушылардан жолда шектеу орнатылғанда немесе дауылды ескерту жарияланғанда алыс сапардан бас тарту ларын сұраймыз. Себебі шектеуді сақтамай жолға шыққан жолаушылар, біздің тездедіп жолды тазалап немесе оның кідірмей ашылуына және техниканың жұмысына кедергі келтіреді».

Жұмыс жолын Вадим, ең қарапайым жол жұмысшысы болып бастап, үлкен жетістіктерге жетті. Әр кездері, жол жұмысшысы, шебер, механизатор, болыр жасаған.

Кейін жоғары оқу орнына түсіп, 2004 жылы Солтүстік Қазақстан университетін тамамдаған соң, ЖПУ-ға бірінші санаттағы механик лауазымына келіп орналасқан.

Осылайша 15 жыл жұмыс істеді. Ал 2019 жылдың 1 ақпанынан бастап 67 жол пайдалану учаскесінің бастығы болып тағайындалды және осы уақытқа дейін осы лауазымда жұмыс жасауда.

Вадим Бикин, ДЭУ бастығы-67:

«Менің анам жолшы болған, Қазақавтожол құрылғаннан бері 2012 жылға дейін осы жол пайдалану учаскесін басқарып, осы жерден зейнет демалысына шыққан. Ол кісі маған кішкентайымнан жолшы мамандығына деген сүйіспеншілікті серік етті. Мен әрқашан анамның ізімен жүруді армандайтынмын. Өйткені, жолшы өте абыройлы мамандық иесі. Өзімі бала кезімде мақсат қойып, оған қарай үздіксіз жүріп отырдым».

Еліміздің негізгі экономикалық және стратегиялық маңызды объектілерінің жұмысы, №67 жол пайдалану учаскесі қызметкерлерінің жауапкергілігіне байланысты.

Себебі, аймақ Ресей Федерациясымен шектеседі, оның 2 шекаралық өткізу пунктілері бар. Оларға Жаңажол мен Қорған пунктілері жатады.

Шекарадан келетін жолда қарқын үлкен, күн сайын әртүрлі елдерден жүздеген жеңіл, жүк және жолаушылар көлігі өтеді.

Олардың қауіпсіздігі мен жайлылығы аймақтағы жолшылардың қолында.

Әріптестері Вадим туралы жақсы маман, адал қызметкер, өз ісінің шебері деп айтады. Жолшы мамандығы күшті мінез бен еңбекқорлықты талап етеді.

Кез келген адам, қарапайым жол жұмысшысы қызметінен бастап, тынымсыз еңбек етсе міндетті түрде мансап сатысына көтеріле алады. Ал, біздің бүгінгі кейіпкеріміз осыған тікелей дәлел.