Жол жабылып, қар құрсауында қалған 200-ден астам адам пойызбен эвакуацияланды
Қолайсыз ауа райына байланысты Көкшетау-Астана тасжолы жабылды. Салдарынан 200-ден астам адам жолда қалып қойған, деп хабарлайды Kazinform.
Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі
Олар Ақкөл стансасынан эвакуацияланып, № 6830 пойызымен елордаға жеткізілді.
Пойыз бригадасы жолаушыларға қажетті көмекті көрсетті.
Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі
«Жаңа жыл қарсаңында ауа райының қолайсыздығына қарамастан теміржолдағы пойыз бригадасының бүкіл қызметкерлері жолаушы пойыздарының қозғалысын қамтамасыз етіп, тасымал кезінде барлық жағдайды жасап жатыр» деп мәлімдеді «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.