Жолдарда тегістеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты Қабанбай батыр даңғылынан Тұран даңғылына дейінгі Достық көшесінің жүргінші аумағында, тас-асфальбетон төсеу жұмыстарына байланысты Б.Момышұлы даңғылына қарай беттейтін жылдамдық өлшеуіш құралынан бастап көпірге дейінгі Сарайшық көшесінде ішінара көлік қозғалысы шектелді.
Сондай-ақ жылу желілерін төсеу жұмыстарына байланысты Сейфуллин көшесінен Кубрин қиылысына дейін Күмісбеков көшесінде ішінара көлік қозғалысы шектелді..
Сондай-ақ жол жөндеу жұмыстарына байланысты әуежай трассасында жол қозғалысы ішінара шектеледі.