Бұл туралы Астана қалалық Жол полициясы басқармасының баспасөз қызметінен мәлім етті.
Сонымен бірге, жылу жүйелерінің тартылуына байланысты Потанин мен Ә.Молдағұлова көшелері толығымен жабылды.
Бейбітшілік көшесі мен Жеңіс даңғылы аралығындағы Сейфуллин көшесінде жол-жөндеу жұмыстары жалғасып жатқандықтан бұл бағыттағы қозғалыстар әлі де шектеулі.
Сондай-ақ су құбырларының төселуіне байланысты Абылайхан даңғылы мен Пушкин көшелерінің қиылысында да көліктердің емін-еркін жүруіне шектеу қойылды.
Астана қаласының Жол полициясы басқармасы, автокөлік иелеріне аталған аудандарды айналып өту жолдарын алдын ала жоспарлауға кеңес береді.