Бүгін, 15 маусымда асфальт төсеуге байланысты мына жол телімдерінде көлік қозғалысы шектелген: Конституция көшесі (К.Байсейтова көшесінен Қарталы көшесіне дейін - жолдың кейбір бөлігіне асфальт төселіп, қалпына келтіру), Пушкин мен Жұбанов көшелерінің қиылысы, Сарайшық (М-1 көпір Орынбор көшесіне оң жаққа кету), М-1 көпірде, Орынбор көшесі бойымен оң жаққа Сығанақ көшесіне кету, Сығанақ көшесінің қиылысында - Тұран даңғылы, Кенесары көшесінің қиылысында- Сарыарқа даңғылы.
Еске салайық, 1 шілдеге дейін Есенберлин көшесінде (Жеңіс даңғылынан Бейбітшілік көшесіне дейін), Мәскеу көшесінде (Республика даңғылынан Желтоқсан көшесіне дейін), Жангелдин көшесінде (Жеңіс даңғылынан Бейбітшілік көшесіне дейін), Циолковский көшесінде (Абай даңғылынан Ш.Жиенқұлова көшесіне дейін) жол телімі толық жабылып, жаңартылады.