Жол жөндеу жұмысына байланысты елордада 7 автобустың бағыты өзгерді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астаналық City Transportation Systems көлік компаниясы кейбір қоғамдық көліктің бағыты уақытша ауысқанын еске салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгіннен бастап жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін №17, 35, 36, 44, 300, 305, 312 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді.

Өзгерген қозғалыс сызбасымен мына сілтемеден қарап таныс бола аласыздар.

«Сапарыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз» деп ескертеді компаниядан.