Автомобиль жолдарының орташа жөндеу жұмыстары аясында елордада Айғаным көшесі бойынша Қорғалжын тас жолынан Ұлбике ақын көшесіне дейін учаскеде жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Осыған байланысты 19-27 тамыз аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы үшін жол жабылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарына қала жолдарында кептеліс жағдайларына тап болмас үшін жүру маршруттарын алдын ала жоспарлап алуға кеңес беріледі.