Жол жүріп келе жатып энергетик сусын ішкен жігіт жедел ауруханаға жеткізілді

АСТАНА. KAZINFORM — Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері саяхатшыға көмекке келді.

Фото: ТЖМ

Түн ортасында трассалық медициналық-құтқару пунктіне Алматыдан Қарағандыға келе жатқан автомашина жолаушысының денсаулығы нашарлағаны туралы хабар түсті. 

Жедел әрекет ету бригадасының дәрігерлері 1981 жылы туған ер адамның 2 банка энергетикалық сусын ішкенін анықтады.

Соны ішкеннен кейін кенет жағдайы нашарлаған жігітке жіті панкреатит диагнозы қойылып, медициналық көмек көрсетілді. 

Содан соң науқас Балқаш қаласының ауруханасына жеткізілді.

«Энергетикалық сусындарды шамадан тыс тұтыну денсаулығыңызға кері әсер етуі мүмкін» деп ескертеді апаттар медицинасы қызметі.