«Жыл басынан Астанада жол жүру ақысын төлеуден жалтарған жолаушылардың жалпы саны 5806 адамды құрады», - деп мәлімдеді көлік компаниясының баспасөз қызметінен.
Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сəйкес, айыппұл сомасы 2 айлық есептік көрсеткішке тең, яғни - 4810 теңге.
Сонымен қатар, тәулігіне 600 мыңға жуық сапар жасалса, олардың 70 мыңнан астамы жеңілдікті санаттағы азаматтармен жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, қоғамдық көлік пайдаланушылары күніне 100 мыңнан астам тегін ауысымдарды жүзеге асырады. Елордада ересектер үшін қоғамдық көлікте жүру ақысы - 180 теңге, көлік картасымен - 90 теңге. Балалар үшін қолма-қол ақы - 90 теңге, Astra plat карточкасы бойынша - 40 теңге.