«Сочи-Мәскеу бағдарындағы ұшақ Воронеж әуежайына қонды. Бортта жолаушы көз жұмған. Қазір тергеушілер жұмыс істеп жатыр. Ұшаққа ешкімді кіргізбеуде»,- деп мәлім етті Шермина.
Оның дерегінше, бортта 178 жолаушы болған. Олар әуежайға орналастырылды.
Әуежай өкілінің сөзіне қарағанда, ұшақ мәскеу уақытымен15:34-те қонған. Көз жұмған жолаушы - 60 жастағы ер адам.