Жолаушы ұшақ қозғалтқышынан шыққан отты видеоға түсіріп алды
09:01, 02 Қазан 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Талаканнан Иркутскке ұшып бара жатқан Ан-148 ұшағының жолаушысы оң жақтағы қозғалтқыштан шыққан алауды видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ұшақ ұшып шыққан әуежайға сәтті қонған, деп хабарлайды жергілікті «Байкал 24» ақпарат агенттігі.
Видеоның сипаттамасында қозғалтқышта өрт болғаны айтылады. Сондай-ақ, желі қолданушылар бұл жағдайдың помпажбен байланысты болғаны туралы пікір қалдырған.
Жолаушылар резервтік бортпен Иркутскке жеткен.
Арнайы комиссия болған жағдайдың мән-жайын тексеріп жатыр.