Жолаушылар автобусы 50 метрлік құзға құлады

None
АСТАНА. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бразилияның оңтүстік-шығысында қайғылы оқиға болды.

Сан-Паулу штатында автобус тас жолдан шығып кетіп, 50 метрлік шатқалға құлаған. Көлікте болған 54 жолаушының 14-і қаза тапты. Көлік Куртиба қаласынан Рио-де-Жанейро қаласына келе жатқан. Қайғылы оқиғаның себеп-салдары әлі анықталу үстінде, деп хабарлады 24.kz.