Жолаушылар автобусы жардан құлады, 16 адам мерт болып, 31-і жарақаттанды
13:04, 08 Маусым 2012
АСТАНА. 8 маусым. ҚазАқпарат - Боливияда жолаушылар автобусы жардан құлады, 16 адам мерт болып, 31-і жарақат алды.
Бұл туралы бейсенбіде жергілікті билік өкілдері хабарлады, деп жазды ИТАР-ТАСС.
Қайғылы оқиға Боливияның әкімшілік елордасынан 46 шақырым жердегі Ла-Пас қаласында орын алды. Белгісіз себептерге байланысты автобус жолдан шығып кетіп, 120 метр биіктіктен шыңырауға құлап кетті. Жарақаттанғандардың көбісінің жағдайы ауыр, оларға медициналық көмек көрсетілуде. Автобус оқушыларды спорттық сайысқа апара жатқан.