Жолаушылар автобусы жаяу жүргіншілерге арналған жолда үш оқушы қызды басып, денелерін бірнеше метр жерге сүйреп кеткен

АСТАНА. ҚазАқпарат - Краснодарда ірі жол-көлік оқиғасы орын алған. Бағдарлық автобустың дөңгелегінің астында бірден үш оқушы қыз қалып қойды.

Қыз балалар бағдаршамның рұқсат беретін белгісін күтіп, көшенің басқа бетіне өтіп бара жатқанда бағдарлық автобус басып кетті. Оның жүргізушісі бағдаршамның қызыл жарығын байқамай, тежегіште басып үлгермеген.

Автобустың астындағы жер қанға толды. Тежегіші кеш басылған автобус қыз балалардың денелерін әлі бірнеше секунд сүйреген. Абырой болғанда, жасөспірімдер тірі қалды. Ауыр жарақаттар алған қыз балалар жергілікті ауруханаға жеткізілді.