Жолаушылар айналымының көлемі 11,5 пайызға артты

None
АСТАНА. 11 шілде. ҚазАқпарат - 2013 жылғы қаңтар-маусымда жүк айналымының көлемі 224,2 млрд. ткм-ны (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2012 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,9 пайызға артты. Жолаушылар айналымының көлемі 110,1 млрд. жкм-ға жетіп, 11,5 пайызға артты. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.

Атап айтқанда биылғы қаңтар-маусымда «Көлік» саласы бойынша нақты көлем индексі 107,1 пайызды құрады.

Сонымен қатар аталған мерзімде «Байланыс» саласы бойынша нақты көлем индексі 114,6 пайызға жетті.