ABS News арнасының хабарлауынша, соқтығыстан ең кемі 20 адам мерт болған.
Қаза тапқандар саны өсуі мүмкін, себебі апат салдарынан оннан астам адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Құтқарушылар шамамен 30 адамды судан шығарып үлгерді.
Оқиға Патейн портты қаласында түнгі уақытта болған. Жолаушылардың көпшілігі үйлену тойынан қайтып келе жатқан.