Skydive Taupo әуе компаниясы ұшағының апаттық жағдайы Жаңа Зеландияның Солтүстік аралында орналасқан Таупо көлінің маңында орын алған. Ұшақ бортында 13 адам: алты жолаушы, алты экипаж мүшесі мен ұшақ командирі болған.
Лайнерде ақаулық шыққан соң барлығы парашютпен қамтамасыз етілді. Sun Herald ақпаратынша, жолаушылар экипаж мүшелерімен жұптасып секірген. Соңғы жұп лайнер құлауға бірнеше секунд қалғанда секірген. Ұшқыш та аман қалып, ол өз бетінше жағалауға жетті.
Полицияның баспасөз хатшысы Ким Перкстің (Kim Perks) айтуынша, жолаушылар мен экипаж мүшелері медициналық тексеруден өтті. Ауыр жарақат алғандар болмады.