Жолаушылар лайнерін найзағай соқты

АСТАНА. 9 наурыз. ҚазАқпарат - 'Аэрофлот' әуе компаниясының 'Аэробус A-321' жолаушылар кемесіне тиген найзағай Мәскеуден Сочиге ұшу рейсін апатқа ұшырата жаздады.

Бір қуанарлығы, Сочи әуежайына жақындап қалған ұшақ аман-есен қона алды, деп хабарлайды Утро. ру.

 Оқиға наурыздың 7-сі күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 12:45-те болды. Ресей астанасынан Сочиге ұшып бара жатқан әуе кемесінің корпусына жай түсті. Осы сәтте «Аэробустың» ішінде 148 жолаушы бар еді. Бірақ жолаушылардың және экипах мүшелерінің ешқайсысы зардап шеккен жоқ, ұшқыштар аман-есен қона алды.