Франциядан Кувейтке бағыт алған Boeing 737 жолаушылар ұшағының экипажы Италия және Грекия диспетчерлерінің белгілеріне жауап бермей қойды.
Әеу кемесінің бортында лаңкестік әрекет болуы мүмкін деген күдікпен дабыл бойынша Крит аралындағы базадан F-16 екі жойғышы көтерілген.
Рейс жолаушылары олардың қасында екі жойғыш ұшақ ұшып келе жатқанын көргеннен соң, жолсеріктер ұшқыштардың кабинасына барды.
Кабинада екі ұшқыштың ұйықтап қалғаны, ал лайнер автоұшқышпен ұшып келе жатқаны белгілі болды. Бұл кезде әуе кемесінің бортында 140 жолаушы болған, деп жазады life.ru.