Жолаушылар пойыздары уақытша «Нұрлы жол» вокзалына ауыстырылады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Астананың «Нұр-Сұлтан 1» станциясында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты қала маңына қатынайтын 5 электр пойыз уақытша «Нұрлы жол» станциясына тоқтайтын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен мәлім еткендей, пойыздар 14 тамыздан бастап 10 қыркүйекке дейін «Нұрлы жол» вокзалына ауыстырылады.

Келуі және жөнелтілуі «Нұрлы жол» вокзалына ауыстырылған пойыздар:

- «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Атбасар» бағытындағы №6803 электр пойызы, жөнелту уақыты сағат 07:30-да;

- «Нұр-Сұлтан – Көкшетау» бағытындағы №6829 электр пойызы, жөнелту уақыты сағат 08:08-де;

– «Ерейментау – Нұр-Сұлтан» бағытындағы №6831 электр пойызы, келу уақыты сағат 07:18-де;

- «Қарағанды – Бурабай курорты» бағытындағы №7553 электр пойызы, келу уақыты 08:56 және кету уақыты 09:20;

– «Бурабай-Қарағанды курорты» бағытындағы №7556 электр пойызы, сағат 19:20-да келіп, сағат 20:00-де жөнелтіледі.

«Сондай-ақ «Ерейментау – Нұр-Сұлтан Нұрлы жол» бағытындағы №6831 электр пойызының Қырқыншы станциясында тұраққа тұруы уақытша тоқтатылғаны хабарланды.

Қалған жолаушылар пойыздары әдеттегідей жүретінін атап өтеміз.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты «1433» тегін нөмірі және «KTZH_PP_BOT» Телегармм боты арқылы алуға болады.

Компания жолаушылардан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды», - делінген ҚТЖ хабарламасында.