Жолаушылар пойыздарының Қазақстан бойынша қозғалысы күнделікті тәртіп бойынша жүзеге асырылады

АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - Жолаушылар пойыздарының Қазақстан бойынша қозғалысы күнделікті тәртіп бойынша жүзеге асырылады,

деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

Жолаушылар пойыздарының қозғалысында ешқандай кешігулер жоқ, қозғалыс штаттық тәртіпте жүзеге асады.

Баспасөз қызметі ұсынған статистика бойынша, бір күнде республикамызда түрлі бағыттардан 318 пойыз аттанады, ал айына оның саны - 12362.