Жолаушылар пойызы 14 түйені басып кетті

АСТАНА. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - Жолаушылар пойызы Израильдің оңтүстігіндегі Негев шөлі аумағында бірнеше түйені қағып кетті.

Бұл оқиға түнгі мезгілде орын алған. Салдарынан 14 түйе өлді, жолаушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды Lenta.Ru.