Жергілікті билік хабарлағандай, жүк көлігі өткелден уақтылы өтіп кете алмаған. Оны қатты жылдамдықпен келе жатқан, ішінде 200-ге жуық жолаушы бар пойыз соқты. Харрисоннан Ньюаркке (Нью-Джерси штаты) бағыт алған құрамның кей вагондары қатты соққы салдарынан рельстен шығып кетті. Барлық жолаушылар қауіпсіз жерге шығарылды.
Темір жол төсемін қалпына келтіруге бірнеше сағат қажет.