Жолаушылар пойызында шылым шегуге тыйым салынады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 28 тамыздан бастап жолаушылар пойызында шылым тегуге тыйым салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы «Жолаушылартасымалы» АҚ атқарушыдиректоры Едіге Мыханов «Қазақстантемір жолы» АҚ басғимаратында өткен баспасөз мәслихатында айтты.

«2019жылдың 28 тамызында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігініңЖолаушылар тасымалы, қол жүктері мен пошта жөнелтімдері ережелеріне енгізілген өзгерістер өз күшіне енеді.Жаңа ережеге сәйкес, жолаушылар пойызында шылым шегуге тыйым салынады. Бұғандейін тамбурда шылым шегуге рұқсат берілетін. Көптеген арыз-шағымнан кейінжалпы пойызда темекі тарту тоқтатылады», - деді ол.

Оның айтуынша, шылым шеккісі келген жолаушылар вокзалперронындағы арнайы орындарға баруы тиіс.

«Кейжолаушылар жолсерікпен келісіп, заң бұзуы мүмкін деген пікірлер айтылуда.Темекінің иісін кез келген жолаушы 1433 байланыс нөміріне хабарласып, шағымқалдыра алады. Оның үстіне, Тальго пойыздары герметикалық материалдан жасалған,темекінің иісі барлық купеге таралуы мүмкін. Жолаушылардың кері байланысыарқылы заңбұзушылықтармен күресеміз»,-

Компания өкілдерінің айтуынша, пойыз ішінде шылым шегуфактісі анықталған жағдай акт толтырылып, желілік ішкі істер бөлімініңқызметкерлері шақырылады. Хаттама толтырылып, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықкодексінің 571-бабы «Тасымалережесін бұзу» бойынша 5 АЕКкөлемінде айыппұл салынады.

Соңғы жаңалықтар