Бұл жайлы жергілікті полиция мәлімдеді, деп хабарлайды Анадолы агенттігі .
Полиция өкілдерінің айтуынша, Патна қаласына бара жатқан пойыздың 17 вагонының 11-і Маникпур стансасына жақын маңда рельстен шығып кеткен.
Теміржол компаниясының қызметкері Ананд Кумардың сөзіне қарағанда, алдын ала мәліметтер бойынша апатқа рельстегі жарықшақ себеп болуы мүмкін. Осы факті бойынша тергеп-тексеру басталды.