«Қазір тек алдын ала мәлімет бере аламын. Жолаушы пойызының вагондары рельстен шығып кеткен. Оқиға Жамбыл облысының Шу ауданы аумағында болған. 8 вагон рельстен шығып кетіп, оның үшеуі аударылды. Зардап шеккендер туралы ақпараттар келіп жатыр. Пойыз Астанадан Алматыға бара жатқан. Біздің бөлімшелер қазір жолда», - деді Руслан Иманқұлов.
Оның айтуынша, апатқа ұшыраған жолаушылар тасымалының №9 «Бәйтерек» пойызы. Аталмыш пойыздың жолаушылары жолай стансаға соққан пойызбен сапарларын жалғастыруда.
Сондай-ақ, ғаламторда апаттың видеосы жарияланды.
Еске сала кетсек, Жамбыл облысында жолаушылар пойызының бірнеше вагоны рельстен шығып кеткенін хабарлаған болатынбыз. Оқиға орнына Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыс тобы да аттандырылды.