«Жолаушылар тасымалы» АҚ қысқы маусымда 4 жаңа жүрдек пойызды іске қосады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 26 қазаннан бастап жолаушылар пойыздары қысқы қозғалыс кестесіне ауысады. Бұл туралы бүгін «Жолаушылар тасымалы» АҚ-нан хабарлады.

Көлік компаниясынан атап өткендей, кестеде қала маңына қатынайтын екі бағыт бойынша: «Астана-Қарағанды» күніне екі реттен үш ретке дейін және «Астана-Бурабай курорты» күніне бір реттен екі ретке дейін қатынау саны артқан.

«Алматы-2 - Защита» (Өскемен қ., 2014 жылдың 29 қазанынан) бағытындағы №69/70 және «Алматы-2 - Шымкент» бағытындағы (2014 жылдың 28 қазанынан) № 35/36 жаңа жүрдек пойыздары іске қосылады.

Сонымен бірге, ағымдағы жылдың соңына дейін «Астана-Защита» және «Астана-Қызылорда» (қараша, желтоқсан) жаңа жүрдек пойыздары қатынап бастайды.